Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық кезеңіне қатысқаны туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді. Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен   жалпы білім беретін мекемелердің 200-ден астам 9-11 сынып оқушылары  қатысты.


Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді. Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен   жалпы білім беретін мекемелердің 200-ден астам 9-11 сынып оқушылары  қатысты.

Биылғы дәстүрге айналған олимпиаданың 5 жылдық мерейтойының ерекшелігі -  олимпиадада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушыға    С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының арнайы ректор грантын  тағайындауы. Олимпиада қорытындысы бойынша ол грантқа ШҚО, Өскемен қаласының Жамбыл атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы  Әлібек Айгерім ие болды.

Сәуірдің жиырма бесінші жұлдызында  Өскемен қаласының «Ертіс концерт» Орталық  мәдениет үйінде олимпиаданың ашылу салтанаты мен Жамбыл атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында олимпиаданыңІ айналымы өтті. Олимпиаданың ІІ айналымы мен жабылу салтанаты 26-сәуір күні аталмыш білім ордасында өтті. Оқушылардың жұмыстарын бағалаған әділ-қазылар құрамына ғалымдар, Республиканың үздік оқу орындарының оқытушылары кірді.

Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өскемен вокзалына келген сәттен бастап, әр өңірге арнайы мектеп ұжымдары бекітіліп, салтанатты түрде олимпиада қатысушыларын қарсы алу міндеті жүктелген. Олимпиада күндері оқушылардың тынығып, көңілдерін көтеру мақсатында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының Таулы Үлбі базасында ойын-сауық іс-шаралары өткізілсе, Шығыс Қазақстан  облыстық драма театрында Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасына қойылым көрсетілді. Олимпиада қатысушылары С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ акт залында мерекелік концертті  тамашалап, университетпен танысып  та үлгерді.

Биылғы жылы әр өңірден келген оқушылардың  жетекшілеріне арнап екі күн бойы олимпиада аясында арнайы Қ. Бітібаева әзірлеген авторлық әдістемелік бойынша «Заманауи білім беруде Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» атты шеберлік-сыныптары да өткізіліп, сертификаттар табысталды.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 68 оқушы (І орын – 15 оқушы, ІІ орын – 21 оқушы, ІІІ орын – 32 оқушы) жүлдегер атанды, 10 оқушы «Дарын» РҒПО арнайы грамотасымен және 10 қатысушы «Тіл шебері», «Сөз зергері», «Үздік тілші», «Үздік әдебиетші» номинацияларымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрілінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысынан 11 оқушы олимпиадада бақтарын сынап, 11-сынып оқушыларының ішінде 2 оқушы (Алибеков Заманбек, Қанағат Қарлығаш) жүлделі ІІІ орынға қол жеткізсе,  Жунуспекова Сабина   ІІ орынды қанжығасына байлады. 9-сынып оқушысы Тастемір Сабина олимпиаданың «Үздік тілші» номинациясын иеленсе, 10-сынып оқушысы Қайрат Малика олимпиадада көрсеткен жоғарғы  жетістіктері үшін «Дарын» РҒПО арнайы грамотасымен  марапатталды.








Комментариев нет
774 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 27.04.2019 в 18:01

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour