Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда тиімді оқыту әдістерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру»


🔰 Ресурстық орталықтар мен ШЖМ бірлестігінің тамыз кеңесінде талқыланған өзекті тақырыптардың бірі – мұғалімдердің білім сапасын арттырудағы жұмысы болды.
Жиынның негізгі тақырыбы: «Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда тиімді оқыту әдістерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру».
Жиынға Білім басқармасының орта білім бөлімінің басшысы В.А.Черных және білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Р.С.Сәркен, әдіскерлер, ресурстық орталықтардың директорлары, орынбасарлары және шағын жинақты мектептердің мұғалімдер қатысты.
Мұғалімдер шағын жинақты мектептерде, аралас сыныптарда жұмыс істеу, ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Ең қызықты, тәжірбиесі мол жинақталған баяндамашылар М.Жұмабаев ауданының мұғалімдері Жүнісбаев В.С. мен Ганина О.М. атап өтуге болады.
Кездесу соңында В.А.Черных РО директорларының сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Ресурстық орталықтар мен шағын жинақты мектептер жұмысының сапасын арттыру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірленді.

https://youtu.be/0B0A0QLDPNo 


Пікір жоқ
106 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 31.08.2023 в 20:56

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour