Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2023 жылдың 8 қыркүйек айында туған жерге арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу бойынша онлайн байқауы өтті.


♦️2023 жылдың 8 қыркүйек айында туған жерге арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу бойынша онлайн байқауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушылары арасынан 25 талантты оқушы өз Отанына арналған өлең-жырларын оқыды. Олардың әрқайсысы жүректен шыққан жырларын жүректерге жеткізуге тырысты. Мәтінді жатқа айту - әр сөзді жатқа білу ғана емес, шығарманың мағынасы мен идеяларына терең үңілу. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әрбір өлең шын жүректен шырқалды. Байқауға қатысушылардың көптігі бүгінгі таңда біздің жас таланттарымыз көп екенін көрсетті. Ұйымдастырушылар мен әділқазылар алқасы керемет қойылымдарыңыз үшін алғыс білдіреді.
Бірінші орынды Баязит Әсия, екінші орынды Зейтлер Виктория мен Еслямбек Дариға, үшінші орынды Қайырбекова Гүлден, Хван Петр және Жүніс Сабина иеленді. Қазылар алқасының ерекше ықыласына Қаратай Қарлығаш, Полякова Карина, Есқақ Әдемау, Лебедева Илья и Ержан Меруерт.


Пікір жоқ
136 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 11.09.2023 в 20:42

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour