Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының өңірлік Жол картасын іске асыру шеңберінде әдістемелік орталық базасында «Өнер және мәдениет саласы білім беру ұйымдары педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша онлайн форматта біліктілікті арттырудың 72 сағаттық курсы аяқталды.


⚜️«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының өңірлік Жол картасын іске асыру шеңберінде әдістемелік орталық базасында «Өнер және мәдениет саласы білім беру ұйымдары педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша онлайн форматта біліктілікті арттырудың 72 сағаттық курсы аяқталды. 2024 жылдың 26 наурызы мен 9 сәуірі аралығында СҚО қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өнер және мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының 50 оқытушысы мен концертмейстері курстарда оқудан өтті. Курстық дайындық аясында тыңдаушылар педагогикалық рефлексия, талдау, жоспарлау және бағалау, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдірді.
🔖Білікті педагогтердің жаттықтырушылар тобы заманауи тәсілдерді, әдіс-тәсілдеоді, теория мен практикалық тапсырмаларды үйлестіре отырып, әріптестерді оқытуда ынтымақтастық атмосферасын құрды. Тақырыптық бағыттағы мазмұнды дәрістер, материалдардың сапалы таңдауы қатысушыларға тақырыптық модульдер бойынша баға жетпес тәжірибе беруге мүмкіндік берді.
📌Біліктілікті арттыру курстарын өткізу нәтижелері бойынша жаттықтырушылар құрамы мен тыңдаушыларға рефлексивті сауалнама жүргізілді. Педагогтер сабақтарға жоғары баға беріп, оқытудың практикалық бағытын, жеке және кәсіби байланыстар шеңберін кеңейту, оң тәжірибе алмасу, бар мәселелерді талқылау, кеңестер мен ұсыныстарды тыңдау, шешімдер табу мүмкіндігін атап өтті. Тыңдаушылар ұйымдастырушылармен одан әрі ынтымақтастыққа ниет білдірді, курстарды ұйымдастырғаны және алған білімдері үшін алғыс білдірді.


Пікір жоқ
118 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.04.2024 в 16:31

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour