Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

ІV «Абайтану» олимпиадасы

    10 ақпанында жалпы білім беру ұйымдарының 9, 10, 11 - сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен дәстүрлі республикалық ІV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.


Ағымды жылдың 10 ақпанында жалпы білім беру ұйымдарының 9,10,11- сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен дәстүрлі республикалық ІV«Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
🔹Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы мен облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы әдіскерлері ұйымдастырған байқаудың талабына сәйкес бірінші айналымда үміткерлердің Абай қарасөздері мен поэзиясының тағылымы туралы жазылған эсселері тексерілді. Барлығы 40-тан астам үміткер бақ сынады.
🔹«Абайтану» олимпиадасының бірінші орын иегерлері республикалық кезеңде Қызылжар өңірінің намысын қорғайды.
Атап айтсақ, 9-сынып бойынша Асқар Игібаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айымгүл Сәрсембай қорғайды. 10-сынып оқушыларының арасынан үздік деп танылған Айыртау ауданының Мәдениет орта мектебінің шәкірті Админа Табылдынова, ал 11-сыныптар бойынша Ж. Тәшенов атындағы №20 орта мектебінің оқушысы Дамира Қоскен жолдама алды.
🔹Сонымен қатар «Абай әлемі» атты шығармашылық байқауының облыстық кезеңі қорытындысы шығарылды. Үздік шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары республикалық кезеңде өңір намысын қорғайды. Атап айтар болсақ, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Елдана Ерсайнова, Ақжар ауданының Ленинград орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аида Қаблаш, Уәлиханов ауданының Кішкенекөл №2 орта мектебінің 11-сынып шәкірті Аружан Мұқан байқаудың жеңімпаздары.
🔹Жүлдегерлер, қатысушылар мен жетекшілер алғыс хаттармен сертификаттарға ие болды.


Комментариев нет
728 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 11.02.2022 в 15:07

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour