Адам өмірі – оның жүрген жолы, жасаған жасымен емес, атқарған еңбегімен өлшенсе керек. Білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, ұстаздық мамандықтың қыры мен сырын терең меңгерген Гүлмира Райынбекқызы бүгін 47 жасқа толар еді. «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ әріптестері Гүлмира Райынбекқызын өзінің өмірімен де, еңбек жолымен де өзгелерге үлгі бола білген, жаны жайсаң азамат екенін әрдайым еске алады. Гүлмира Райынбекқызына құран бағыштап, гүл шоғы қойылды .Өзінің қызметтік міндеттерін тиісті және адал орындап, қайырымдылығы мен жауапкершілігі үшін ол өзінің көпжылдық тәжірибесін беретін ұстаздардың тәлімгері болып табылды. Кеше ғана арамызда күліп – ойнап, жарқылдап жүрген кезі мәңгілік есімізде.
Пікір жоқ
186 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 13.08.2024 в 18:49