2024 жылғы 16 тамызда «Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру» педагогтердің тамыз конференциясының облыстық пленарлық отырысының ашылуы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаевтің құттықтау сөзінен басталды.
Өңірдің педагогикалық қоғамының 500-ден астам өкілі 2023-2024 оқу жылының қорытындылары мен келесі жылға арналған міндеттерді талқылады.
СҚО әкімінің бірінші орынбасары М. И. Тасмағамбетов білім беру жүйесін ағымдағы жаңғырту туралы айтып берді. СҚО Білім басқармасының басшысы А. А. Сураганова өңірдің даму перспективаларымен бөлісті, Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ ауылдық ШЖМ дамыту орталығының қызметкері А.Н. Мукушева Microsoft Teams Қазақстан республикалық жобасын іске асырудағы өңіріміздің бірлескен жұмысын атап өтті. Б. Әшімов атындағы теміржол колледжінің директоры А.П. Фурманюк және М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма мүшесі Р. Т. Бельгибаев оқытуды трансформациялаудағы цифрландырудың рөлін атап өтті. Отырыс заманауи білім беру тәжірибелерін дамытуға және енгізуге деген ұмтылысты көрсететін маңызды оқиға болды. Іс-шараға қатысушылар жаңа идеялармен және одан әрі жұмыс істеу үшін шабытпен байыды.
Пікір жоқ
226 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 16.08.2024 в 18:44