Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылғы 17 қыркүйекте онлайн форматта «Бала құқығы – Адам құқығы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.


🔰2024 жылғы 17 қыркүйекте онлайн форматта «Бала құқығы – Адам құқығы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Спикерлер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жұмабаев Жанат Жеңісұлы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сұрағанова Сәуле Қуандыққызы қатысты. Бір уақытта 500-ге жуық жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның Қылмыстық-процессуалдық кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен танысу мүмкіндігі берілді. Бұл заңнамалық құжаттарды талдау оқушыларға еліміздегі кәмелетке толмағандарға қатысты халықаралық және отандық құқық нормаларымен танысуға ғана емес, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Сынып сағатының спикерлері оқушыларды қиын жағдайда жүгінуге болатын сенім телефондарының жұмысымен таныстырды. Сабақ жоғары сынып оқушыларына заңды білу адамның заңды бұзу мүмкіндігін азайтып, жауапкершілікке тартылмауға, ең бастысы, өздерін және жақындарын қорғауға мүмкіндік беретінін көрсетті.


Пікір жоқ
115 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 17.09.2024 в 18:22

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour