Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Тігінші - 2017» кәсіби шеберлік сайысы

«Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» жеке меншік мекемесінің базасында 27 қантарда «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы бойынша «Тігінші-2017» кәсіби шеберлік сайысы өткізілді. Сайыс ұйымдастырушысы: «Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің білім басқармасы» КММ.

 



«Тігінші - 2017»
кәсіби шеберлік сайысы
 
«Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» жеке меншік мекемесінің базасында 27 қантарда «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы бойынша «Тігінші-2017» кәсіби шеберлік сайысы өткізілді. Сайыс ұйымдастырушысы: «Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің білім басқармасы» КММ.



Сайысқа аталмыш мамандық бойынша мамандарды әзірлейтін колледждердің студенттері, сонымен қатар Петропавл қаласындағы тігін кәсіпорындарының жұмыскерлері қатыстырылды. Әзілалқа құрамы қала кәсіпорындарының мамандарынан және колледж оқытушыларынан құралды. Мұнымен бірге, сайысқа қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалау мен бағыттауға техникалық эксперттер көмектесті.



Сайыскерлерге клапанды құрастырып тігу арқылы қиып тігілетін қалта дайындау ұсынылды. Жұмыс түйінді пішуден басталып, оны аксессуарлармен өңдеумен аяқталды. Барлық сайыскерлер қойылған тапсырманы орындай алды. Әзілалқа мүшелері орындалған бұйымдарды бағалап, сайыс қорытындысын шығарды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» жеке меншік мекемесінің екінші курс студенті – Александр Анаций бірінші дәрежелі дипломмен, осы колледждің екінші курс студенті – Элина Мирошниченко екінші дәрежелі дипломмен, Петропавл қаласы «Қызмет көрсету аймағының колледжі» КММ-нің үшінші курс студенті - Алина Негрило үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Курстың басқа да қатысушыларына куәліктер табысталды.



Кәсіпорын жұмыскерлері жекеше бағаланды. Осылай, «Ваш стиль» ательесінің тігіншісі Виктория Шитова бірінші дәрежелі дипломмен, ал «Unisev» фабрикасының тігіншісі Кадиша Нигмеджан екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Іс-шараның қорытынды бөлігінде колледждің әлеуметтік серіктестері сайыскерлерге бағалы сыйлықтар табыстады. Әзілалқа төрағасы Т.Л.Казимирова «Сокирка С.Н.» ЖК, «Белоконенко А.П.» ЖК атынан сайысқа қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады. Іс-шара киім дефилесін көрсетумен аяқталды. Студенттер өндірістік оқыту сабақтарында өздері тіккен үлгілерін ұсынды.








 


Пікір жоқ
1957 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 01.02.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour