Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Қазақстан балалары шекарасыз әлемде!» республикалық шығармашылық фестивалі облыстық кезеңі байқауының қорытындысы

Фестиваль 2017 жылғы 27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында өткізілді.


Фестивальдың мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Фестиваль 2017 жылғы 27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында өткізілді.

Фестивальға аудандық/қалалық фестиваль кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 14-17 жастағы білім алушылары қатысты.

Фестивальға кез-келген жанрдағы жұмыстар және шығармашылық шешімдер: дәстүрлі немесе сандық технологиялардың (видео, фотокамера және ұялы телефон) көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қатыса алды.

Фестиваль байқаулары келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы туынды;

2) ойынды кино – актерлік ойын, операторлық және режиссерлік өнері көмегімен түсірілген сюжеті бар туынды (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION-видео – STOP-MOTION технологиясында жасалған сюжетті туынды. Фотокамераға түсірілген немесе видеолардан таңдап алынған кадрлардан тізбектей монтаждалған ролик.

4) әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама;

5) анимация – бейненің қозғалу иллюзиясын көрсететін компьютерлік немесе заттық мультипликациялық техникада орындалған кез-келген туынды;

6) видео-арт – жаңа видеотехника және компьютерлік өңдеу құралдарымен түсірілген мазмұнына авторлық көркем концепцияны мазмұндайтын видеоролик;  

7) музыкалық фильм.


Список:  


Пікір жоқ
1930 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 31.03.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour