Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау жүйесі» вебинары бойынша ақпарат

2017 жылдың 31 наурызында 1 сынып мұғалімдері үшін «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында вебинар өткізілді.


    2017 жылдың 31 наурызында 1 сынып мұғалімдері үшін «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында вебинар өткізілді. Бұл вебинарға 120-дан астам облыс педагогтары, БСӘЖАТО, ПШО қызметкерлері қатысқан болатын. Іс-шараны БСӘЖАТО директоры – Мұқышева Ш.Ж. бастады.



    Вебинар дөңгелек үстел түрінде өтті, кіріспе бөлімінде вебинардың мақсаты, сұрақтары, жоспарланған іс-шаралар мен сөз сөйлеу регламенті айтылған болатын. Жұмыс барысында ұстаздар орта білім мазмұнын жаңарту аясында өздерінің сабақ фрагменттерін көрсетті. Сабақтардағы мақсаттарды белгілеу және бағалау критерийлерін оқушыға жеткізу принциптерін Петропавл қаласы Бірінші гимназиясының педагогтері - Н.А. Москаленко мен А.А. Качкина ұсынды.



     Қалыптастыршы бағалаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша жұмысының талдауымен «Дарын» мектеп-лицейінің мұғалімі – Н.Ю. Харина мен Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі – С.Қ. Нағұманова баяндама ұсынды. Сабақтағы белсенді оқытуды ұйымдастыру және сабақ барысында тиімді рефлексия өткізу жайында Петропавл қаласы «БЭСТ» гимназиясының Г.П. Хлыстун мен А.М. Яценконың жаратылыстану пәні бойынша бинарлы сабағының фрагменті көрсетілді.



     Қатысушыларға ұсынымдар беріліп, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жайында назарларына видеоролик ұсынылды. Жиынтық бағалау мәселесі бойынша Қызылжар ауданы Парасат лицейінің А.С. Мұрзахметова, Б.Т. Қаражанова мұғалімдері сөз сөйледі. Жұмыс барысында облыс педагогтары онлайн режимінде ПШО жаттықтырушыларына толғандырған сұрақтырын жолдады. Жұмыс қорытындысы бойынша келесі әдістемелік ұсыныстар қабылданды:



  • бағалау үдерісінің мүмкіндіктері мен фунцкияларын кеңейту;

  • тұрақты кері байланыс арқылы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау;

  • бірыңғай стандарттардың, сапалы механизмдер мен бағалау құралдарын қалыптастыруға жәрдемдесу;

  • объективті, үздіксіз және дәйекі ақпаратты ұсыну:

  • білім алушыларға олардың білім сапасы туралы;

  • мұғалімдерге білім алушылардың прогрессі туралы;

  • ата-аналарға оқыту нәтижелерінің дәрежесі туралы ;

  • басқару органдарына ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы туралы. 


Пікір жоқ
1641 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 03.04.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour