Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің кіші отаным: қасиетті орындар мен кешендер»» атты Облыстық қашықтық байқауын өткізу туралы ақпарат


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында

«Менің кіші отаным: қасиетті орындар мен кешендер»» атты  

Облыстық қашықтық байқауын өткізу туралы ақпарат

 

Солтүстік Қазақстан облысын әкімдігінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ туған жер туралы білімдерін жан-жақты тексеру, тереңдету және зерттеу  мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Менің кіші отаным: қасиетті орындар мен кешендер»» атты облыстық қашықтық байқауын ұйымдастырды.

Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша өткізілді: видео-сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралардың видео-призентациялары, фотосуреттер форматында «Менің кіші отанымның қасиетті орындары», «Туған жерімнің қасиетті, ерекше қорғаудағы орындары», «Туған жерің тарихи ескерткіштері», «Туған жердің көрнекті жерлері».

Байқауға 3 аудан қатысты: Шал ақын, Тайынша АББ және Петропавл қаласы.

         Байқау материалдарын қарастыру қорытындысы бойынша, келесі қорытынды жасалды:

 «Менің кіші отанымның қасиетті орындары» номинациясы бойынша

1 орын – Зель Вильгельм, Тайынша ауданы, Тайынша қ. 2 ОМ 9 сынып оқушысы

2 орын – Жақсылықова Танзиля, Тайынша ауданы, Тайынша қ. 2 ОМ 11 сынып оқушысы

3 орын – Кошаев Константин, Тайынша ауданы, Тайынша қ. 2 ОМ 9 сынып оқушысы

3 орын – Дюсемаева Надежда, Тайынша ауданы, Тайынша қ. 2 ОМ 9 сынып оқушысы

2 орын – Нұрабаев Аманжол Қайыргелдіұлы, Тайынша ауданы, Тайынша қ. 2 ОМ тарих мұғалімі

 

«Туған жерімнің қасиетті, ерекше қорғаудағы орындары» номинациясы бойынша

2 орын – Сыздықова Дильназ, Шал ақын ауданы,  Кеңес ОМ 9 сынып оқушысы

«Туған жерің тарихи ескерткіштері» номинациясы бойынша

1 орын - Бородкина Ангелина, Петропавл қаласы, М.Айтхожин ат. №1 ОМ оқушысы

2 орын – Великанова Анна, Чернецкая Антонина, Петропавл қаласы, М.Айтхожин ат. №1 ОМ 9 сынып оқушылары

1 орын – Мұхамеджанова Гүлзат Нығметжанқызы, Петропавл қаласы, Бірінші гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

«Туған жердің көрнекті жерлері» номинациясы бойынша

1 орын – Қапаров Шұғайып, Шал ақын ауданы,  Кеңес ОМ 10 сынып оқушысы

Білім бөлімдерінің және берілген жұмыс бағыты бойынша жетекшілік ететін әдіскерлердің облыстық байқауларға белсенді қатысуға, байқау ережелерін зерттеп, жергілікті жерде іріктеу турларын мұқият өткізуге ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз.        

 

аға әдіскер З.Б.Тұрлыбаева

 

 


Пікір жоқ
1092 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 22.02.2018 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour