Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында 2019 жылдың 12-15 қараша аралығында Теміртау қ. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХII Президенттік олимпиада өтті. Олимпиаданы ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында   2019 жылдың 12-15 қараша аралығында Теміртау қ. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХII Президенттік олимпиада өтті.


Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында  2019 жылдың 12-15 қараша аралығында Теміртау қ. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХII Президенттік олимпиада өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында өткізілді. Биылғы олимпиада, Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өтті.


Республикалық кезеңге біздің облысымыздың қала мектептерінің оқушылары – Кузнецова Яна ("№5 орта мектеп" КММ), Шевченко Варвара ("Бірінші гимназия" КММ) және облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары – Бажикова Жұлдыз ("А. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты" КММ), Тоқпаев Арлан, Иманғали Мұратбек ("Білім-Инновация "облыстық мамандандырылған лицей-интернаты" КММ), Литвиненко Никита, Әлібеков Арман, Коростинский Роман ("ЛОРД "дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"КММ) қатысты.


Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 2 тур бойынша өткізілді. Бірінші турда олимпиада қатысушылары «Математика» және «Химия» пәндері бойынша, ал екінші турда «Физика» және «Биология» пәндері бойынша тапсырмаларды орындады.

Олимпиада қазылар алқасының шешімімен ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен "ЛОРД "дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей-интернаты" КММ оқушысы Коростинский Роман, ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен "ЛОРД "дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей – интернаты"КММ оқушысы Әлібеков Арман марапатталды.


Пікір жоқ
629 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.11.2019 в 17:26

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour