Бүгін, 2020 жылдың 16.04. мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру нұсқаушылары мен олардың отбасы мүшелерінің арасында «Жаттығуға тұр!» атты марафонын бастайды.
Құрметті әріптестер! Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы бүгін, 2020 жылдың 16.04. мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру нұсқаушылары мен олардың отбасы мүшелерінің арасында «Жаттығуға тұр!» атты марафонын бастайды. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған таңертеңгілік жаттығулар бейнелер жинағын шығару. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру нұсқаушыларын осы марафонға белсенді қатысуға шақырамыз. "Жаттығуға тұр!" атты марафонының материалдары gbakhyt@mail.ru электронды поштаға жіберіледі.