Жоспарға сәйкес 2020 жылдың 23 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық зертханасының бірінші отырысы өтті. Отырыста шығармашылық топ құрамындағы облысымыздың 25 үздік педагогы жұмыс істеді.
2020-2021 оқу жылында СҚО қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің
І зертхана отырысы өтті.
Жоспарға сәйкес 2020 жылдың 23 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық зертханасының бірінші отырысы өтті. Отырыста шығармашылық топ құрамындағы облысымыздың 25 үздік педагогы жұмыс істеді.
Отырыс тақырыбы: «2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту жағдайына байланысты білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды өзекті мәселелері.»
Сөз алушы спикерлерлермен қарастырылған тақырыптар:
- «Оқушыны қашықтықтан оқыту жұмысына қалай тартуға болады».
- «Мұғалімге көмек. «Қашықтықтан сабақты қалай әзірлеуге болады: бес қарапайым қадам"
- «Қашықтықтан оқыту форматы.1-тоқсан. Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыру керек. Мұғалім үшін іс-әрекет жоспары.»
- «Қашықтықтан оқыту технологияларын іске асыру кезінде педагог пен оқушының жұмыс орнын ұйымдастыру. Қашықтықтан оқытуда оқушылармен кері байланыс.»
- «Сабақты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар және профилактикалық іс-шаралар.»
- «2020-2021 оқу жылында ҚР-да орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат. 11-сынып. (Оқулықтар, ҰМЖ, ҚМЖ, ББЖБ, ТБЖБ, КҮНДЕЛІК журналын толтыру, үйге тапсырмасы).»
Шығармашылық зертхана жұмысы жаңа оқу жылындағы қашықтықтан оқыту жағдайына байланысты білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстармен аяқталды.