2020 жылдың 14 қазан күні «Ұлылар мұрасы және заманауи білім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің І Халықаралық форумы барысында мектепалды және бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәні мұғалімдері «Қазақ тілі – ана тілім, дана тілім, бай тілім» тақырыбын қозғап біршама өзекті мәселелер талқылады.
2020 жылдың 14 қазан күні «Ұлылар мұрасы және заманауи білім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің І Халықаралық форумы барысында мектепалды және бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәні мұғалімдері «Қазақ тілі – ана тілім, дана тілім, бай тілім» тақырыбын қозғап біршама өзекті мәселелер талқылады. Президентіміз өз жолдауында айтқандай «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізу қажетпіз». Мына сөзбен толық келісе отыра қазақ тілін дамыту және балаларға сапалы білім беру туралы сұхбат болды. Әрбір ұстаз өзінің тәжірибесіндегі жаңа технологияларымен бөлісе алды. Барлығымыз үшін жаңалық болған Петропавл қаласындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында жұмыс атқаратын Даниярова Айнұр Шахметқызы тек қана еліміздің ішінде емес сонымен қатар шет елдермен жақсы қарым-қатынас жасап, Африкадағы жерлесімізбен білім саласындағы жаңалықтармен бөлісетіні туралы айтты. Жалпы дөңгелек үстел қатысушылары және көрермендер өздеріне жаңадан ауқымды ақпараттар алды деген ойдамыз.