13 қазанда онлайн - форматта әлеуметтік-психологиялық қызметтер ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫ мен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің дөңгелек үстелі өтті.
Тақырыбы: «Білім беру процесіне қатысушыларды тиімді әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету».
Мақсаты: педагог-психолог, әлеуметтік педагог және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі мамандықтарын насихаттау, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушыларды тиімді әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің мүмкін жолдарын анықтау.

Дөңгелек үстел жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Г. Р. Кәрімова қатысты.
Ассоциациялар білім берудің теориялық және практикалық мәселелерін кең кәсіби талқылауды ұйымдастыру мақсатында құрылған.
Кездесу педагогтардың өзекті мәселелеріне арналды. Әлеуметтік-психологиялық қызметтің әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылармен және отбасылармен, оның ішінде локдаун кезеңінде жұмыс істеу жүйесі; оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау бойынша әлеуметтік-психологиялық қызмет пен медициналық мекемелердің өзара іс-қимыл моделі; жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды процесі ретінде «Өзін-өзі тану» пәні қарастырылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсына белсенді қатысқан педагогтарға дипломдар мен сертификаттар берілді, сондай-ақ педагогтар оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жоғары кәсібилігі үшін алғыс хаттармен, педагогикалық тәжірибені таратқаны үшін сертификаттармен марапатталды.