2020 жылдың 14 қазанында білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты іске асырудың заманауи тәсілдері» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына СҚО әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова қатысты.
Отырыс барысында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының өзекті мәселелері қаралды.
Қорытындылау кезінде біз қауымдастықтардағы жұмысты диагностикалық негізде құру, оны тиімді, атаулы, дәлелді ету, сонымен қатар мектеп пен балабақша арасындағы тығыз ынтымақтастық жағдайында сабақтастық мәселелерін шешу қажет деген қорытындыға келдік.
Дөңгелек үстел 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша нәтижелі педагогтарды марапаттау рәсімімен аяқталды.
Облыс педагогтарына дипломдар, «Мағжан Жұмабаев» төсбелгісі табыс етілді.