«Сүйіспеншілікпен кітап сыйла» акциясының қорытындысы
Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған «Сүйіспеншілікпен кітап сыйла» акциясы аясында № 2 ТМИ кітапханасында «Мектепке кітап сыйла» акциясы өткізілді, шара барысында 150 кітап жиналды.
Акцияның мақсаты: мектеп кітапханасының қорын толықтыру.
Акцияның міндеттері: балаларды оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылық пен ұқыптылықты дамыту.
Акцияға мектеп директоры – Р.Ж.Какпенов, педагогтар – Н.В.Коваленко, О.А.Громак, В.В.Гребенкин, А.Қ.Сарымсақова, Т.В.Сиденко, И.Н.Агеева, балалар және олардың ата-аналары белсенді қатысты.
Мектеп кітапханашысы Гүлнара Сәбитқызы Нұрмұқанова «Сыйға алынған кітаптар» атты көрмесін ұйымдастырды. Сыйға тартушылар кітаптарда болашақ оқырмандарға ізгі тілектермен жазбалар қалдырды. Оқушылар үшін кітапқа ұқыпты қарау туралы сынып сағаттары өткізілді. Акцияның арқасында мектеп кітапханасының қоры қызықты баспа басылымдарымен толықтырылды, олардың ішінде ертегілер, оқу құралдары, классикалық және көркем әдебиет, энциклопедиялар мен анықтамалықтар бар, олар жақын арада өз оқырмандарын табады.
Акция сәтті өтті! Барлық сыйға тартушыларға ықылас білдіргені үшін алғыс айтылды.