2021 жылғы 20 ақпанда ҚР БҒМ-нің Жоғары оқу орындары, білім басқармалары және мектептер арасында байланыс орнату туралы тапсырмасын орындау аясында облыс тарихы пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті. Тақырыбы: «Мектеп түлектерін ҰБТ-ға дайындау мәселелері және оларды еңсеру жолдары». Семинарды ұйымдастырушылар: М. Қозыбаев атындағы СҚУ Тарих, экономика және құқық факультеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және «СҚО әкімдігінің білім басқармасы»КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»КММ. Семинарда «СҚО тарих және география мұғалімдері қауымдастығының» мүшелері А.А. Каиров («А.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты»КММ тарих мұғалімі) және Е.Ж. Букенов (ұстаз-шебер, Айыртау ауданы «№1 Саумалкөл орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі) «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша ҰБТ-2021 білім алушыларды дайындау тәжірибесімен бөлісті.