Бүгін 2021 жылдың 23 ақпанында «Физика» және «География» пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің екінші күні өтті, оған облыстың білім беру ұйымдарының 77 оқушысы қатысты.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары тексереді және бағалайды.
«Физика» және «География» пәндері бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасы келесі күні біздің ресми сайтта жарияланады.
Пікір жоқ
268 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 23.02.2021 в 09:29