Дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау мақсатында 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында жалпы білім беретін 16 пән бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға біздің аймақтың білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптарының 500-ден астам оқушысы қатысты, олардың жұмыстарын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының құзыретті қазылар алқасы тексеріп, бағалады.
Олимпиада ZOOM клиент – конференц-байланыс прокторингі (бейнебақылау) жүйесі арқылы офлайн - форматта және білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы әдіскерлерінің аудандарға шығуымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, БСӘЖжАТО-ның IT-мамандарынан тұратын үйлестіру штабы жұмыс істеді.
Петропавл қаласының облыстық мамандандырылған мекемелері мен мектептерінің оқушылары облыс орталығында жарысты. Олимпиаданы осындай форматта өткізу біз үшін жаңа сын болды, алайда біз ол сынды сүрінбей сәтті орындадық.