Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдерінің "мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру" тақырыбындағы шеберлік сыныптар республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқау мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, салт-дәстүрді мемлекеттік тіл арқылы күшейтуге бағытталған.
Байқауға барлығы 44 педагог қатысты, олардың 8-і байқаудың облыстық кезеңінде өз жұмыстарын таныстырды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, шығармашылық табыс, жемісті кәсіби қызмет және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
Пікір жоқ
341 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.03.2021 в 16:19