XXXIII АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ МЕН МАТЕМАТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ XX «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ОЛИМПИАДАСЫ
XXXIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасы 9-10 наурыз күндері аралығында қашықтықтан өтті. Олимпиадаларға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің математика пәні бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысуға ғана жіберіледі.
Олимпиадаларға бір мезгілде әлемнің 40-тан астам елі қатысады: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б. Солтүстік Қазақстан облысының атынан білім беру ұйымдарының 5 оқушысы қатысты:
1. Мазитов Кәрім-«Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ, 9-сынып.
2. Терещенко Юлия Ивановна – «Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп» КММ, 9 сынып.
3. Хайруллин Әлішер Болатұлы – «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, 10-сынып.
4. Бодрякова Екатерина Алексеевна –«Лорд дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ, 10 сынып.
5. Завгородняя Дарья Александровна-«Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ, 11-сынып.