2021 жылғы 9 ақпанда Білім басқармасының «Білім беру сапасын арттыру жөніндегі жол картасы шеңберінде білім беру ұйымдарын бекіту туралы» № 105 бұйрығы шықты.
2021 жылғы 11 наурызда Әдістемелік жұмыс орталығы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы үлгерім сапасының алшақтығын қысқарту мәселесі бойынша отырыс өткізді.
Отырысқа әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, ауыл және қала мектептерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары, облыс педагогтері қатысты.
Ауылдық және қалалық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту жөніндегі жоспарды іске асыру тетіктерін әзірлеу қажеттігі туралы БСӘЖжАТО директорының орынбасары Айгүл Амангелдіқызы Жылқожина сөз сөйледі.
Петропавл қаласы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Суендыкова Айнур Серикпаевна осы жоспарды іске асыру қызметінің болашағы туралы сөз сөйледі.
№ 10 орта мектеп, № 25 орта мектеп және Бірінші гимназия директорларының орынбасарлары осы жоспар аясында іс-шараларды өткізуде педагогтердің жұмыс тәжірибесімен бөліст.
Сондықтан, осы іс-шараларға қатысатын мұғалімдер практиканы көруге, процеске қатысушы болуға, тиімділікті бағалауға және осы мәселені шешу үшін жеке практиканы дамыту траекториясын толық анықтауға мүмкіндік алды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін осы жоспарды іске асыратын барлық қатысушылар үшін ұсынымдар әзірленді.