2021 жылғы 12 наурызда «ШЕБЕРЛІК» Облыстық биология және химия мұғалімдері қауымдастығының қызметі шеңберінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану-ғылыми цикл сабақтарында сыни ойлау дағдыларын дамыту»онлайн семинары өтті.
Семинар-практикум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының 90-ға жуық педагогы қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде Каримова Гульбану Кабкеновна сыни ойлауды дамыту технологиясының теориялық негіздерін түсіндірді. (СОДТТН).
Семинардың практикалық бөлімінде биология пәні мұғалімі-Тағайбек Сабира Қасымбекқызы және география пәні мұғалімі-Ахманова Анара Нурашевна оқу үрдісінде белсенді және тиімді қызметті ұйымдастыру үшін (СОДТТН) әдіс-тәсілдерін ой елегінен өткізу кезеңінде көрсетті.
Семинар соңында рефлексивті талдау ұйымдастырылды, оның барысында қорытынды жасалды. Педагогтер мазмұны бойынша семинар іс жүзінде пайдалы екенін атап өтті. Спикерлер көрсеткен тәсілдерді педагогтар өз жұмыстарында қолдануға дайын.