Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог кәсібінің беделін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы 2021 жылғы 29 наурызда облыстық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиада ұйымдастырды.
Аудандық кезеңде 700-ден астам педагог қатысты. 22 бастауыш сынып мұғалімдері жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде педагогтарға педагогика, оқыту әдістемесі бойынша және бастауыш білім беру пәндері бойынша педагогтің құзыреттілігін анықтау бойынша тест тапсырмалары ұсынылды. Екінші кезеңде оларды шешуде стандартты емес тәсілдерді қажет ететін педагогикалық жағдайлар ұсынылды.
Бұл олимпиада облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің қауымдастығы аясында өтті.