2021 жылғы 2 сәуірде СҚО бастауыш сынып мұғалімдерінің қауымдастығы Петропавл қ. «Бірінші гимназия» КММ базасында «Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту ойлау қабілеттерін дамытудың негізгі факторы ретінде» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өткізді. Семинар жұмысына облыстың білім беру ұйымдарының 80-нен астам педагогы қатысты.
Семинардың мақсаты бастауыш мектепте оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс түрлері мен әдістерін іс жүзінде көрсету болды.
Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері нақты уақыт режимінде сабақ үзінділерін ұсынды. Математика, орыс тілі, сауаттылыққа оқыту сабақтарында қолданылатын белсенді әдістер мен тәсілдерді көрсетті. Педагог Тимошина Оксана Степановнаның тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырды. Мұғалім квесттерді әзірлейді және ойын түрінде негізгі математикалық дағдыларды дамытады, пәнге деген қызығушылықты арттырады.
Семинар материалдары мына сілтеме бойынша қолжетімді https://t.me/joinchat/S2xwcGcsipOs6UZl