Ағымды жылдың 22 сәуірінде «Ашық сабақтар аллеясы» Облыстық педагогикалық панорамасы аясында Петропавл қаласының «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі Байманова Жаркына Калимқызы 10 сыныпта «Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері»тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылар туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіріп, туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме берді. Саралау кезінде «Диалог және қолдау көрсету» әдісі арқылы оқушы сұрақтарға жауап беру кезінде топ мүшелері көмектесіп, толықтырып отырды.Сабаққа қатысқан педагог-сарапшылар мұғалімнің жұмысын бағалап, өз ұсыныстарын берді.