ІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ»
БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2021 жылдың 22 сәуірі күні «ІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ» онлайн түрде ұйымдастырылып өткізілді.
Байқауға барлығы Республикамыздының 42 оқушысы қатысты, соның ішінде 3 оқушы Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады.
✔«Сөзім барда – өзім бар» бөлімінде Петропавл қаласының Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы - Әлімжанқызы Назарқыз ақынның шығармаларын Zoom видеобайланысы арқылы нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Сырым ауданы әкімінің арнайы сыйлығына ие болды.
✔«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» бөлімінде Айыртау ауданының Дауқара орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дінәш Камила Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әнді орындап, инстаграм парақшасында #QadyrОқуларыӘн21 хэштегімен салды. ІІІ орын жеңімпазы иегері атанды.
✔«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» бөлімінде Айыртау ауданының Дауқара орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қалымова Гүлзат өз шығармалар жинағын электронды почта арқылы байқауға жолдады және олардың ақындық шеберлігін тексеру мақсатында берілген тақырыптар бойынша Қадыр Мырза-Әліге арнап өлең шығарып, ІІІ орын жеңімпазы иегері атанды.
Болашақта ақын оқушымызға алар белестерің көп, жеңісің жемісті,тек биіктерден көріне бер деп ақ тілегімізді айтамыз.