Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы 2021 жылғы 19 мамырда «Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны» тақырыбында (180 жылдығына орай) ұйымдастырылған облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Модераторлар: Есимсейітова А.К., Ескалиева А.Ж.
Қатысушылар: «БСӘЖжАТО» КММ әдіскерлері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушылары, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің, Петропавл қаласы мен СҚО аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.
Ғылыми-практикалық конференция барысында сөз алушы спикерлермен талқыланған негізгі мәселелер:
- Көкбас Жазира- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі, «Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталықтың ғылыми қызметкері. «Ыбырай Алтынсарин – педагог, жазушы;
- Абилова Жанар Жаметовна -Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылғангимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі "Ыбырай Алтынсариннің ағартушылык қызметінің өміршеңдігі";
- Ауганбаева Зухра Нұрмолдақызы -Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «Ы. Алтынсарин әңгімелерін оқытудың өзекті мәселелері»;
- Матина Аксара Бериковна - Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы «Ыбырай Алтынсарин мұрасының тәрбиелік мәні»;
- Искакова Дамежан Шаймурановна-Мағжан Жұмабаев ауданыМ. Жұмабаев атындағы №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытудың тиімді әдістері»;
- Казиева Айгерим Серикжановна-Аққайың ауданы Смирнов №3орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы»;
- Жакупова Асем Жаксыбаевна -Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаеватындағы Явленка №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесіндегі еңбек мәселесі.
«Кел, балалар, оқылық» - өлеңі баршамызға ертеден таныс, әрі ыстық өлең жолдарының жазылғанына бір ғасыр өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы Ыбырай атамыздың армандаған терезесі тең, тұғыры биік тәуелсіз елге айналып отырған бүгінгі күнде де еш төмендеген емес. Қазақ: «Бір әріп үйреткенге 40 жыл сәлем бер», - дейді сондықтан ұстаздарға деген сый-құрмет ерекше болсын!