Облыстық физика пәні мұғалімдерінің ассоциациясы жұмысының шеңберінде 2021 жылдың 22 сәуірінде білім берудегі әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы « Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде физика пәнін оқыту ерекшкліктері » тақырыбында семинар өткізді. Тақырыпты жүзеге асыру мақсатында Ақжар ауданының физика пәнінің мұғалімдері тәжірибелерін ұсынды. Семинар озық технологияларды тарату және ауданымыздағы физика мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Спикерлер өз сөздерінде білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберліктерін көрсетті, бұл оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Семинарға облыстың 80-нен астам мұғалімдері қатысып, семинар дайындығы мен өткізілуі жоғары деңгейде екенін атап өтті. Аудан мұғалімдерінің тәжірибесі семинардың барлық қатысушыларына пайдалы болды.