Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы 2021 жылғы 11-24 мамыр аралығында "Білім беру ұйымының ақпараттық – білім беру кеңістігінің кітапхана-ресурсы" тақырыбы бойынша бюджеттік негізде қысқа мерзімді курстар өткізді. Біліктілікті арттыру курстары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жоспарының басым бағыттарына сәйкес, сондай-ақ облыс кітапханашыларының курстық даярлыққа қажеттілігін ескере отырып ұйымдастырылды.Курс бағдарламасы сараптамадан өтіп, ҚР БҒМ-мен бекітілді. Курстардың мазмұны кітапханашылардың көкейкесті мәселелері мен кәсіби қиындықтары ескеріле отырып, құрастырылған.
Бірінші ағымда онлайн – форматта білім беру ұйымдарының 26 кітапханашысы оқытылды.