Жаз - балалардың дамуы мен денсаулығын нығайтудағы маңызды кезеңдердің бірі. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының міндеті – балалардың өмірін жаз бойы олардың әрқайсысы сергектік қуатын алатындай және осы уақытты қуанышпен өткізетіндей етіп ұйымдастыру. Мұғалімдер осы кезеңдегі балалардың өмірін мазмұнды, танымды және қызықты етеді.
2021 жылғы 14 Мамырда БСӘЖжАТО "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығымен бірлесіп Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы-сауықтыру кезеңін ұйымдастыру мәселелері бойынша вебинар өткізді. Мақсатты аудитория: Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары, әдіскерлері және педагогтары. МДБШРО мамандары тәрбиеленушілермен жазғы сауықтыру жұмысының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді және балаларды ойын түрінде дамыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.