"Ана тілі -30 жылда" тақырыбында облыстық тамыз кеңесі аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциялық отырысы
2021 жылдың 25 тамызында білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің "Ана тілі -30 жылда" тақырыбында облыстық тамыз кеңесі аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында дәстүрлі түрде жүргізіліп отырған Тамыз кеңесі биыл қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы мерейтойымен сәйкес келіп отыр.
Сөз алушы спикерлеріміз "Сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту", "Қазақ тілін оқытуда жазылым дағдыларын дамытудың тиімділігі", "Білімді елдің басты саласы-оқу сауаттылығы", "Ана тілі - ұлттық кодтың діңгегі" тақырыптарында баяндамаларын оқыды.
Кеңес барысында білім беруді дамытудың өзекті мәселелері және педагогтің құзыреттілік үрдістері қаралды. Облысымызда 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту, тіл саясатын насихаттау мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде, жоғары және орта білім орындарында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде айтулы күндерге арналған іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқандығы сөз болды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай СҚО-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің зертхана мүшелері ұйымдастырған «Отан. Ту. Тіл» челлендждін тарих пәні мұғалімдеріне жолдады.
Ютуб каналынан секция қатысушыларының қамтылуы 600-ге жуық педагогты құрады.