2021 жылдың 24 тамызында білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің "Білімді ұлт – елдің тұрақты дамуының кепілі"атты облыстық тамыз конференциясы аясында биология және химия мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.Отырыс жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларды жүзеге асыруға жол ашты.
Секция қатысушыларының қамтылуы 300-ден астам педагогты құрады.
Отырыстың мақсаты биология, химия мұғалімдерінің пәндік-әдістемелік құзыреттерін дамыту және қазіргі білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру болып белгіленді.
Осы секциялық отырыс барысында білім беруді дамытудың өзекті мәселелері және педагогтің құзыреттілік үрдістері қаралды.
Секциялық отырыс барысында педагогтер тәрбие басымдықтары мен педагогтің кәсіби деңгейін арттыру негізінде білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындай отырып, ұсынымдар әзірледі.
Пікір жоқ
450 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.08.2021 в 15:52