Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау бөлімі зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша семинар өткізді.
Зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша онлайн-семинар
2021 жылдың 17 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау бөлімі зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша семинар өткізді. Қатысушылар өнімділікті арттыруға және жұмысты жеңіл әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін жобалау-зерттеу қызметінің нақты тәсілдерімен танысты.
Аталған іс-шараның спикерлері:
- Ташибаева Галия Коспановна - "Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы"КММ аға әдіскері;
- Степанова Ольга Николаевна - "ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты" КММ мұғалімі;
- Абдулгазинов Алим - "ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты" КММ оқушысы, 2020-2021 оқу жылының әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми байқауының жүлдегері;
- Шаукерова Светлана Набиевна-"ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты" КММ директорының орынбасары;
- Ауғанбаева Зухра Нұрмолдақызы - "Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі" КММ мұғалімі;
- Мықтыбай Елнара - "Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі" КММ оқушысы, 2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы.
https://youtu.be/4w5XO9KLHac
Тегтер:
онлайн-семинар
Пікір жоқ
402 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 17.09.2021 в 14:15