PIRLS-2021 мәтінді оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеудің негізгі кезеңін өткізу бойынша онлайн-кеңесі.
2021 жылғы 24 қыркүйекте облыстық үйлестіруші Мукашева Асель Амангельдиновна PIRLS-2021 мәтінді оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеудің негізгі кезеңін өткізу бойынша мектеп үйлестірушілерімен онлайн-кеңес ұйымдастырды.
Аталған зерттеу 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 18 қазаны аралығында Солтүстік Қазақстан облысының 24 білім беру ұйымында (оның ішінде электрондық нұсқада 16 мектеп және қағаз нұсқада 8 мектеп) өтеді.
Кеңесте мектеп оқушыларының PIRLS-2021-ге 100% қатысуын ұйымдастыру, сондай-ақ зерттеу барысында техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Тегтер:
PIRLS-2021
Пікір жоқ
365 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.09.2021 в 09:05