2021 жылдың 30 қыркүйегінде облыс білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі офлайн режимінде өтті.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША XIV ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ
2021 жылдың 30 қыркүйегінде облыс білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі офлайн режимінде өтті. Олимпиаданың осы кезеңіне 128 оқушы қатысты. Олимпиада облыстың 8 білім беру ұйымдарының базасында өтті – Ақжар ауданының «Талшық орта мектебі» КММ, Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейі» КММ, Мамлют ауданының «Мамлют қазақ мектеп-интернаты» КММ, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының «№ 1 Новоишим орта мектебі» КММ, Шал ақын ауданының «Қазақ орта мектебі» КММ, «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, Петропавл қаласының «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, Петропавл қаласының «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебі» КММ.
Олимпиаданың әр қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия, биология.
Ағымдағы жылдың 1 қазанында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан облыстық қазылар алқасының жұмыстарын тексеру ұйымдастырылады. Олимпиада қорытындысы бойынша хаттама әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда жарияланатын болады.
Олимпиаданың өңірлік кезеңінің нәтижелеріне сәйкес іріктеу кезеңіне 20 адамнан тұратын команда құрылады.