Әріптестер, Сіздерді «Балабақша және мектеп – ынтымақтастық стратегиясы» атты облыстық педагогикалық жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.
Балабақша мен бастауыш мектеп арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақтастық орнату үздіксіз білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселелерін сәтті шешудің қажетті шарты болып табылады. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық мәселелері барлық уақытта да өзекті. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық мәселелері қалай шешілуде? Тәрбиеші мен бастауыш сынып мұғалімі арасындағы ортақ нәрсе неде?
Әріптестер, Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Балабақша және мектеп – ынтымақтастық стратегиясы» атты облыстық педагогикалық жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Жәрмеңкенің лейтмотиві: «Сабақтастық – шындық, мүмкіндіктер, жетістіктер, перспективалар».
Іс-шара сабақтастық проблемаларын шешу бойынша тиімді педагогикалық тәжірибені анықтауға, қолдауға және таратуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық шеңберінде педагогтердің кәсіби қызметінің үздік үлгілерін көпшілікке ұсыну үшін жағдайлар жасайды.
Жәрмеңкенің ережесі: http://cmrito.sko-bilim.agartu.kz/polozhenie?lang=ru