Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ XIV ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Ағымдағы жылдың 22 қазанында бір мезгілде еліміздің барлық өңірлерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша
XIV Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтіп жатыр.


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ XIV ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Жыл сайын Президенттік олимпиада 3 кезеңде өткізіледі: аймақтық, іріктеу, республикалық. Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология. Биылғы оқу жылында олимпиаданың өңірлік кезеңіне 135 оқушы қатысты, іріктеу кезеңіне 20 бала қатысып жатыр және республикалық кезеңде біріншілік үшін біздің өңірдің 8 оқушысы ғана жарысады.

    Олимпиаданың іріктеу кезеңі біздің қатысушылар үшін Оқушылар сарайында oqylyq.kz платформада YouTube арнасында бейнетрансляциямен өтеді.

    Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге «Дарын» республикалық орталығының жауапты қызметкерлері жіберілді. Оқиға онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық сілтемелер «Дарын» РҒПО сайтында қолжетімді. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және іріктеу кезеңінің нәтижелері бар хаттамалар да «Дарын» РҒПО сайтында жарияланатын болады.

    1 кабинет https://youtu.be/w22sv0rThAw

    2 кабинет https://youtu.be/MihOeCvThoo


Пікір жоқ
273 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 22.10.2021 в 09:18

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour