2021 жылдың 24-і қараша күні математика пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығы шеңберінде облыстық семинар өтті.
2021 жылдың 24-і қараша күні Айыртау ауданының "Саумалкөл қазақ орта мектебі" КММ негізінде математика пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығы шеңберінде "Белсенді оқыту формалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында облыстық семинар өтті.
Спикерлер өз сөздерінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында өмірде болып жатқан барлық өзгерістерге тез әрекет ету қажеттілігі, ақпаратты өз бетінше таба білу, талдау, қолдану қабілеті бірінші орынға шығатынын көрсетті. Ең бастысы-функционалды сауаттылық, өйткені бұл"адамның қолданбалы білім негізінде өмір мен қызметтің әртүрлі салаларындағы стандартты өмірлік міндеттерді шешу қабілеті".
Семинарға облыстың 60-тан астам педагогтары қатысып, семинардың жоғары деңгейін атап өтті.