Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Еркебұлан Әлімханұлы жас мамандар слеті жөнінде

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының қолдауымен 2022 жылғы 1-2 шілде «Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі» І Халықаралық жас педагогтар форумы аясында «Жас маман – жаңа қадам» жас педагогтар слеті ұйымдастырып, өткізді. 



Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының қолдауымен 2022 жылғы 1-2 шілде «Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі» І Халықаралық жас педагогтар форумы аясында «Жас маман – жаңа қадам» жас педагогтар слеті ұйымдастырып, өткізді. Берілген іс-шараға облысымыздың 50 жас мұғалімі қатысты.
Слет бағдарламасында: психологпен тренинг, оқыту коуч-сессиялары, квест ойыны, жас педагогтардың кешкі қонақпен кездесуі, концерттік бағдарлама қарастырылған.
Тренинг-коучингдерді өткізуге білім беру саласының майталман, білікті, кәсіби мамандары шақырылды: Әдістемелік қызметін үйлестіру және педагогты дамыту орталығының директоры Жұмашев Е.Ә., М.Қозыбаев ат. СКУ ректоры Шуланов Е.Н., М.Қозыбаев ат. СКУ проректорлары Апергенова Р.С., Мектепбаева Д.К., Қарағанды облысының Білім саласындағы ақпараттық жүйелердің авторы, ИТ-кәсіпкер Белгібаев Р., Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткер мектебінің директоры Уалиев Д.С., Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткер мектебінің ағылшын мұғалімі Енсегенова Г.Ж., «Ұлттық дебаттар федерациясы» РҚБ вице-президенті Р.А., Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Жүсіпов Б.Ө.
Слет тәжірибе алмасуға, педагогикалық инновация бойынша құнды ақпарат алуға, сонымени қатар педагогтардың бір-бірімен танысып, ақпарат алмасуына мүмкіндік берді.


Пікір жоқ
259 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 07.07.2022 в 09:53

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour