
«Балаларды ерте дамыту институты» РММ жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық патриоттық ән байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқаудың облыстық кезеңіне барлығы 9 жұмыс келіп түсті. Байқауға келесі аудандардың мектепке дейінгі ұйымдары қатысқан жоқ: М.Жұмабаев, Есіл, Жамбыл, Айыртау және Петропавл қаласы.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша:

1 орын- «Радуга» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, Тимирязев ауданы;

2 орын - Галенда Давид, Ғ. Мүсірепов ауданы, «Ковыльный ОМ» КММ жанындағы «Бәйшешек» шағын орталығы;

3 орын - Сайфуллин Богдан, Аққайың ауданы «Власовка ОМ» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығы;

3 орын - Бламбаева Руслана, Қызылжар ауданыны «Ажар» бөбекжайы» МКҚК;

3 орын - Егенбай Медина, Айтбай Медина, Савицкая Надежда, Оразбек Аяжан, Тайынша ауданыны, «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК.
Қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, жеңімпаздарды құттықтаймыз, одан әрі жеңістер тілейміз!