
Сіздерді 2024 жылдың 17 қыркүйегінен 5 қазанына дейін өтетін «Ұстазым – тәлімгерім» челленджіне қатысуға шақырамыз. Бұл сіздің кәсіби жолыңызда маңызды рөл атқарған, қиын сәттерде қолдау көрсеткен және әлеуетіңізді ашуға көмектескен тәлімгер-ұстаздарыңызға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі. Өз оқиғаларыңызбен, жылы сөздеріңізбен және шабытпен бөлісіп, сізді осы маңызды жолда бағыттап, қолдау көрсеткен ұстаздарға құрмет көрсетіңіз.