2024 жылғы 24 қыркүйекте "Цифрлық технологияларды оқу процесіне интеграциялау: инновациялық тәжірибе және перспективалар" облыстық диалог алаңы өтті.
Диалог алаңында М. Қозыбаева СҚУ цифрлық трансформация кеңсесінің басшысы: Белгібаев Рашит Төлеуғазыұлы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Astana Hub" өңірлік менеджері: Нұргүл Болатова қатысты, сондай – ақ жоба жетекшісі Жолтайұлы Қуандық - "Талшық орта мектебі" КММ тарих пәнінің мұғалімі-"AI-USTAZ"жобасын ұсынды.
Іс-шараға оқытушылар, сарапшылар, білім беру мекемелерінің өкілдері-тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер оқу процесінде оң нәтиже көрсеткен инновациялық шешімдер мен әдістерді ұсынды.
Пікірталас барысында оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі сияқты негізгі проблемалар анықталды.
Қатысушылар өңірде Цифрлық білім беруді одан әрі дамыту стратегияларын әзірледі. Алаңның қорытындысы білім беру процесіне жасанды интеллект енгізуге бағытталған "AI-USTAZ" жаңа облыстық жобасын құру болды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және қызықты идеялары үшін алғыс айтамыз!
#сандық білім беру
#AI-USTAZ
# аймақ
# болашақ
# технология
Пікір жоқ
180 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.09.2024 в 18:24