
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында «Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында «Шабыт» мектепалды сынып тәрбиешілерінің облыстық қауымдастығының онлайн-отырысы өтті. Іс-шара онлайн форматта өтті, оған 20 педагог қатысты.

Іс-шараның мақсаты балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық тәжірибелер мен әдістерді талқылау, сондай-ақ мектепалды сынып тәрбиешілері арасында тиімді тәжірибе алмасу болды.

Қауымдастық отырысы ынтымақтастық пен шығармашылық атмосферасында өтті, қатысушыларға жұмыс үшін қажетті теориялық ақпаратты да, практикалық құралдарды да ұсынды.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 14.11.2024 в 12:03