Ағымдағы жылдың 20 қарашасында «Арман» бөбекжай-бақшасы» КМҚК базасында «Қазіргі қоғамдағы балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинар «Барлық адамға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының Жол картасын жүзеге асыру аясында «Балабақша – жайлылық пен даму аймағы» тарауы бойынша ұйымдастырылды.
Шараға мектепке дейінгі ұйымдардың 30 педагогі қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибе алмасу.
Педагогтердің назарына оқу-тәрбие процесін жақсартуға және балаларды мектеп бағдарламасын табысты меңгеруге дайындауға көмектесетін инновациялық әдістер мен технологиялар ұсынылды.
Семинарда мектеп жасына дейінгі балалардың оқу дағдыларын, математикалық сауаттылығын, сыни және шығармашылық ойлауын дамытудың негізгі аспектілері талқыланды.
Пікір жоқ
44 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.11.2024 в 18:16