Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Жасанды интеллект – бұл педагогикалық және басқарушылық үдерістердің тиімділігін арттыратын заманауи құрал.


⚜️ Жасанды интеллект – бұл педагогикалық және басқарушылық үдерістердің тиімділігін арттыратын заманауи құрал.
Бүгін «Әдістемелік орталықтың» ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы инновациялық технологиялар: жасанды интеллект – тиімділіктің құралы» атты тақырыбында «Балдаурен» балабақшасында облыстық семинар өтті. Семинарға облысымыз бен қаламыздың 35 педагогы қатысты.
Қазіргі таңда цифрлық заманда өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті білім беру жүйесін жасанды интеллектсіз елестету қиын.
«Балдәурен» балабақшасының негізі бағыты цифрландыру болған соң, педагогтар өз жұмыстарында түрлі цифрлық технологияларды қолданатынын, флипчарттар мен электрондық оқулықтар жасай алатындары, робототехника енгізіп, «ROBOBALAPAN» атты облыстық фестиваль ұйымдастыры жайлы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жасанды интеллектті балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін де пайдалы екені жайлы айтты.
Бүгінгі семинарда тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттары мен пікірталастар өтті. Семинар барлық қатысқан тәрбиешілер мен әдіскерлерге өз септігін тигізді деп ойлаймыз.
Балабақшада қауіпсіз ортаны құруда жасанды интеллекттің маңызы бары жайлы айтылды. Себебі балалардың қауіпсіздігі – әр педагог үшін ең маңызды мәселе.


Пікір жоқ
2 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.10.2025 в 15:20

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour