
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының жас педагогтері мен мектеп директорларына арналған «Қос аңыз кубогы» облыстық дебат турнирі өз мәресіне жетті.
Бұл дода – өңіріміздің жас мамандары үшін пікірталас мәдениетін дамытып, ой еркіндігін танытатын жарқын алаң болды.
Турнирге облыс аудандарынан барлығы 22 команда (14 – қазақ лигасы, 8 – орыс лигасы), яғни 44 қатысушы қатысты.

Нәтижелер
Қазақ лигасы

Алаш аманаты — «Әлихан Бөкейханов атындағы №25 орта мектебі» КММ, Петропавл қаласы

Ұлттық құрама — «И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ, Тайынша ауданы

Бір мүдде — «Ақжарқын орта мектебі» КММ, Ақжар ауданы

Үздік спикер — Сайран Салахиятқызы (Алқатерек орта мектебі, Ақжар ауданы)

Үздік гладиатор — Ізбасар Диаз

Үздік төреші — Смағұлова Гүлназ
Орыс лигасы

D Street — «Яснополян орта мектебі» КММ, Тайынша ауданы

Линкольн — «Ломоносов орта мектебі» КММ, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан

Фортуна — Жалпы білім беретін мектеп, Шал ақын ауданы

Үздік спикер — Барменбаев Тимур Саматович (№29 орта мектеп, Петропавл қаласы)

Үздік төреші — Беленкова Наталья Юрьевна
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Кызылжар ауданында өтетін
«БОЛАШАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТ ТӘРБИЕСІ» атты облыстық семинарында кубоктармен және дипломдармен марапатталады.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.10.2025 в 15:24